Qazaqstan Fighter

«Qazaqstan FIGHTER» жобасы Қазақстан спортындағы жаңа есімдерді ашуға бағытталған. Еліміздің әр өңірінде тұратын жас спортшыларымыздың халық алдында өз шеберліктерін көрсету үшін бұл үлкен мүмкіндік болып тұр. Бізде талантты жастар көп, сондықтан, өз тарапымыздан оларға қолдау көрсетуіміз керек.

«Qazaqstan FIGHTER» – көпбөлімді телевизиялық реалити-шоу. Бұл жобада жас спортшылар «Аралас жекпе-жектен Қазақстанның ең мықты спортшысы» атағы үшін сынға түсетін болады. Жобаның мақсаты – спорт пен бәсекелестік рухты, салауатты өмір салтын дамытумен қатар, MMA кәсіби спорт түрін кеңінен насихаттау. Еліміздегі жаңа таланттардың есімдерін анықтап, отандастарымыздың спортта жеткен жетістіктері арқылы патриоттық сезімді дамыту.

«Жоба барысында олардың армандары, тағдыры, мінез-құлқы толығымен ашылады. Олардың өмір жолымен етене танысқан көрермен кейіпкермен бәйге ішіне енгендей күй кешеді. Келесі аптада олардың қайсысы сынға түсетіні және кіммен шайқасатыны жеребе тастау арқылы анықталады. Эпизодтардың басым бөлігі жекпе-жекке арналған. Жеңіліс тапқан қатысушы жарыстан шығады. Финалда 16 қатысушының ішінен тек біреуі ғана «Qazaqstan FIGHTER» жобасының жеңімпазы болады».

Слайд 5
Слайд 4
Слайд 3
Слайд 2
Слайд 1