Жоба туралы

«Qazaqstan FIGHTER» – көпбөлімді телевизиялық реалити-шоу. Бұл жобада жас спортшылар «Аралас жекпе-жектен Қазақстанның ең мықты спортшысы» атағы үшін сынға түсетін болады. Жобаның қазылар құрамына Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ыбраимов, Ардақ Назаров, Юрий Мельниченко, Бейбіт Шүменов, Данияр Қасқарауов, Сағындық Мекеев секілді танымал спортшылар, Олимпиада чемпиондары, түрлі спорт ұйымдарының жетекшілері кіретін болады. Жобаның мақсаты – спорт пен бәсекелестік рухты, салауатты өмір салтын дамытумен қатар, MMA кәсіби спорт түрін кеңінен насихаттау. Еліміздегі жаңа таланттардың есімдерін анықтап, отандастарымыздың спортта жеткен жетістіктері арқылы патриоттық сезімді дамыту.

Слайд 5
Слайд 4
Слайд 3
Слайд 2
Слайд 1